Бразилияның жарық футбол жұлдызы Неймар сауд арабиялық “Аль-Хиляль” үшін 30 сәуірде ойын өткізеді, деп жазады Аладоп.кз.
Ел құрамасында жүріп, өткен жылдың қазан айында ауыр жарақат алған аяқдопшы қазіргі сәтте физикалық дайындығын қалыпқа келтіру жұмыстарымен айналысуда екен. Дәрігерлер қаптал вингерінің 30 сәуірге дейін жасыл алаңға қайтып оралатынын болжап отыр.
Неймар “Аль-Хиляльға” 2023 жылдың тамыз айында “ПСЖ” командасынан ауысып барған болатын.
32 жастағы қаптал вингері Саудияның Про-лигасында өнер көрсететін ұжым үшін 5 ойын өткізіп, 1 гол мен 3 голдық пас берді. Оның “Аль-Хиляльдағы” келісімшарты 2025 жылдың соңына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET