Неманья Цавнич - “Тобыл” ойыншысы

Черногорияның орталық қорғаушысы Неманья Цавнич “Тобылмен” келісім шартқа қол қойды.

Неманья Цавнич - “Тобыл” ойыншысы

Неманья кәсіби мансабын Черногорияның “Зета” құрамында бастады. 2018 жылы Цавнич Данияға қоныс аударды, онда ол бірінші лиганың “Фремад Амагер” және “ХБ Кеге” клубтарында доп тепті.

2024 жылдың ақпанында ол босниялық “Железничар” клубына ауысты. Босния мен Герцеговина Премьер-лигасында бір жыл ішінде ол команданың негізгі ойыншысына айналды.

Цавнич мансабында барлығы 330-дан астам матч еткізіп, 8 гол сокты. Ол Черногория жастар құрамасына шакырту алған.

Еске салайық, Тобыл осы жылдың басында черногориялық қаптал қорғаушы Марко Вукчевичті қатарына қосқан болатын. 32 жастағы ойыншы сол уақыттан бері чемпионатта 13 ойын өткізіп, 3 гол соқты. 

Вукчевичте Неманья Цавнич секілді Босния чемпионатына Қазақстанға келді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Тобыл
Aladop Youtube
×