
"Манчестер Юнайтед" клубының бас бапкері Жозе Моуриньо "Ливерпульмен" өткен ойыннан кейін, Неманья Матичтің жарақаты жайлы әңгімеледі.
29-жастағы "Сербия" ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Неманья Матичке Филадельфияда ота жасалды. Әзірге жарақаттың қаншалықты ауыр екендігі жайлы айтылмады.
"Матич маусымның басында алаңға шыға алмайды. Ол 2018-жылғы әлем чемпионатында жарақат алып біздің жағдайымызды да ауырлатып жіберді. Оған жәй ғана демалыстың өзі аздық етеді. Сондықтан оның орнын басатын футболшы бізге қажет-ақ. Ал, Матичтің қалпына келу порцесі қашанға дейін созылатындығы белгісіз",-деп хабарлады клубтың баспасөз қызметіне Жозе Моуриньо.
Дайындаған Әлішер Хабидолла
Aladop.kz