«Неміс машинасының» жылдамдығына ілесе аламыз ба?

25.03.2011, 19:58
«Неміс машинасының» жылдамдығына ілесе аламыз ба?
Бұйыртса, 26 наурыз күні Қазақстан ұлттық құрамасы неміс жерінде Германия футболшыларымен кездесіп, 2012 жылғы Еуропа чемпионатының електік додасы аясындағы бесінші кездесуін өткізеді. Қазақстан құрамасының жаңадан сайланған бас бапкері Мирослав Беранек бұған дейін бір-ақ ойын өткізген-ді. Оның өзі – жолдастық кездесу. Ал Кайзерслаутернде өтетін матч – алғашқы ресми ойыны. Қарсыласымыз – деңгейі өте жоғары, азуын айға білеген қарымды команда. Сондықтан «қалай болар екен, ә?» деп тықыршып жүрген жайымыз бар. Ал Қазақстан чемпионатының басталғанына үш аптаға жуық уақыт қана болды. Осы жиырма шақты күннің ішінде үш-ақ тур өтті. Яғни чехиялық маман премьер-лигадағы футболшылардың бәрін іс жүзінде бақылап, үлгере қоймаған шығар. Үлгерсе де, біразы жайлы қорытынды шығаруға асықпас. Сондықтан болар, Мирослав Беранек: – Ел чемпионатындағы ойындардың кейбіреуін стадионда отырып, ал біразын бей­нетаспа арқылы тамашаладым. Көңілімнен шыққандарын құрама сапына шақырттым. Біразын қойын дәптеріме түртіп қойдым. Оларды әлі жіті қадағалайтын боламын, – деп ағынан жарылды. Содан соң айбынды Алмания аяқдопшыларымен болатын ойындағы «басты мақсат – намысты қолдан бермеу» керек екендігін баса айтты. «Ұтылсақ та, бар күш-жігерімізді жасыл алаңда сарқ етіп, жеңіске деген жігерімізге жанкүйерлер ризашылықпен қол соғатындай ойын өрнегін көрсетсек, соған риза боламын» деп түйді өз ойын. Содан соң тамаша бір теңеу айтты: – Әлемдегі ең үздік команданың бірімен додаға түскелі отырмыз. Қарқындары өте жоғары. Олармен сондай жоғары қарқында ойнауға тиіспіз. Әйтпесе, шаң қабамыз. Ауызекі тілмен айтар болсам, Қазақстанда футболды екінші жылдамдықпен ойнайды, ал Германияда бесінші жылдамдықпен зулайды. Мұны мойындау керек. Бұл тұрғыда шабандаумыз. Бірақ осы кемшін тұсымызды сездірмеуге тырысамыз, – деп деңгеймізді таразыға тартып өтті. Осы теңеуімен Германия құрамасының «қуатты неміс машинасы» атанып жүргендігін де меңзеді. Өкінішке қарай, біздің құрама бұл жолы тәжірибелі футболшыларының бәрін жинай алмады. Күздегі ойындарда жанкүйерлер көңілінен шыққан Генрих Шмидтгаль («Оберхаузен», Германия) әлі жарақатынан толық айығып болған жоқ. Ол да, Сергей Каримов та («Вольфсбург», Германия) жаттығу жұмыстарын енді бастағандай. Сондай-ақ Самат Смақов («Ақтөбе»), Андрей Карпович («Локомотив»), Александр Киров («Локомотив»), Андрей Финонченко («Шахтер») сынды сыралғы ойыншыларымыз да жарақаттарына байланысты құрама сапын күшейте алмады. Бәрінен де Саматты айтсаңызшы. Біраз уақыт Бернд Шторк көзіне ілмеді. Енді Беранектің сеніміне кіргендей болып еді, аяқасты жарақаттанды. Үшінші турда ауыр жарақат алып, дәрігерлер «бес күн бойы төсектен тұрмай, тыныштық сақта» депті. Әзірше ұшақпен ұшуға да болмайды екен. Тағдыр деген қандай еді, шіркін... Наурыз мерекесі қарсаңында Германияға ұшып кеткен ұлттық құрамамыз Бад-Вёрисховен қаласында бес күн дайындалды. Бүгін олар Кайзерслаутернде жаттығып, ертең ойын болатын алаңда доп теуіп көреді. Бұл жолы құрама сапына Ресейдегі Қазбек Гетерирев қосылды. Сондай-ақ Жамбыл Көкеев, Мақсат Байжанов, Юрий Логвиенко сынды ойыншыларымыз өз бақтарын сынауға мүмкіндік алды. Шабуылшылар сапы селдіреп, жас талант Сергей Лисенковқа да құрама сапына жол ашылды. Қазақстан құрамасы: қақпашылар – Давид Лория («Ертіс»), Александр Мокин («Шахтер»), Андрей Сидельников («Ақтөбе»); қорғаушылар – Қайрат Нұрдаулетов, Михаил Рожков (екеуі де – «Локомотив»), Антон Чичулин, Юрий Логвиненко (екеуі де – «Ақтөбе»), Александр Кислицын («Тобыл»), Фархадбек Ирисметов («Ордабасы»), Ренат Абдулин («Восток»), Владислав Чернышов («Ертіс»); жартылай қорғаушылар – Ұлан Қонысбаев, Дмитрий Шомко, Максим Азов­ский (бәрі де – «Локомотив»), Жамбыл Көкеев, Мақсат Байжанов (екеуі де – «Шахтер»), Азат Нұрғалиев («Ордабасы»), Сергей Скорых («Жетісу»), Казбек Гетериев («Жемчужина», Сочи), Евгений Аверченко («Ақтөбе»); шабуылшылар – Нұрбол Жұмасқалиев (Локомотив), Сергей Хижниченко («Шахтер»), Сергей Остапенко («Жетісу»), Сергей Лисенков («Ақтөбе»). Германия құрамасы: қақпашылар – Нойер ("Шальке-04"), Визе ("Вердер"); қорғаушылар – Бадштубер, Лам (екеуі де – "Бавария"), Боатенг ("Манчестер Сити", Англия), Хуммельс, Шмельцер (екеуі де – "Боруссия" Д), Мертезакер ("Вердер"), Фридрих ("Вольфсбург"), Аого ("Гамбург"); жартылай қорғаушылар – Озил, Хедира (екеуі де – "Реал", Испания), Кроос, Мюллер (екеуі де – "Бавария"), Гётце, Бендер (екеуі де – "Боруссия" Д), Швайн­штайгер ("Бавария"), Треш ("Штуттгарт"), Шурле ("Майнц"); шабуылшылар – Гомес, Клозе (екеуі де – "Бавария"), Подольски ("Кёльн"). Автор: Нұрғазы Сасаев
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.376
Ничья
5.45
П2
8.65
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
2.008
Ничья
3.975
П2
3.615
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.968
Ничья
3.915
П2
3.81
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.529
Ничья
4.84
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.26
Ничья
3.585
П2
2.272
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.79
П2
2.865
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
4.01
Ничья
3.81
П2
1.945
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.08
Ничья
14.8
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.682
Ничья
4.535
П2
4.74
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.153
Ничья
9.2
П2
20
×