«Тараздың» жартылай қорғаушысы Ненад Адамович Қазақстан Кубогінің ширек финалында «Шахтерге» қарсы өткен қарымта ойын (1:3) жайлы пікір білдірді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
- Ненад, «Шахтерге» қарсы ойынға негізгі құрамның 6 ойыншысы белгілі себептермен қатыспады. Бұл алаңда сезілді ме?
- Менің ойымша, бізге қарағанда командаластарымызға ойынды теледидардан көру моральдық тұрғыдан қиынырақ болған сияқты.
- Оң нәтиже көрсету үшін не жетіспеді?
- Ойынның қауіпті сәті екінші таймда болды деп есептеймін, сол кезде Әлішер Сүлей маған пас беруі мүмкін еді, бірақ оған қарсылас рұқсат бермеді, ал төреші бұл сәтте пенальти бермеді. Осыдан кейін қарсылас бізді жазалады.
- Команданың ойыншылар алдындағы қарыздарына қарамастан, сіздер жақсы ойнадыңыздар...
- Біріншіден, біз кәсіби спортшылармыз. Менің ойымша, футболда да, өмірде де ақша басты нәрсе емес. Әрине, ақшасыз өмір сүру оңай емес, бірақ мен үшін бірінші кезекте басқа нәрселер тұр. Бұл жай ғана алаңға шығып, сүйікті ойыныңызды ойнауға, жеңіске жету үшін бар күшіңізді салуға берілген мүмкіндік. Бұл сіздің денсаулығыңыз, ата-анаңыздың, балаларыңыздың және сізге жақын адамдарыңыздың денсаулығы. Сондықтан ақша тақырыбын қозғаудың қажеті жоқ.
Біздің серіктес: FONBET