Ненад Адамович: «Мақсатымыз - екі матчты жеңіп, ел кубогін ұту»

21.10.2021, 15:56
Ненад «Жетісу» қақпасына гол соққан еді.
Ненад Адамович: «Мақсатымыз - екі матчты жеңіп, ел кубогін ұту»

«Тараз» шабуылшысы Ненад Адамович клубтың баспасөз қызметіне аз-кем сұхбат беріп, «Жетісумен» өткен ойын (1:2) туралы пікір білдірді.

- Ненад, соңғы кездесу оңай болған жоқ. Дегенмен жеңіске жетіп, ұпай қоржынға түсті...

- Ия, қиын кездесу болатынын әу бастан білдік. Себебі қарсылас команда төменгі лигаға түсіп қалғандықтан, олар үшін жоғалтатын ешнәрсе жоқ. Еркін ойнайтыны белгілі болды. Қанатын кең жаюға тырысты. Біз үш ұпай олжалауды қатты қаладық және соған қол жеткізгенімізге өте қуаныштымын. Кездесудің басында-ақ Талдықорғанға жеңіс үшін келгенімізді аңғарттық.  

- Есеп теңескенде екінші голдың соғылатынына қаншалықты сенім болды? Теңескен кезде сізді өзге ойыншыға алмастырғанына өкініш білдірген жоқсыз ба?

- Жеңетінімізге сендім. Иә, таразы басы теңекенде мен алаңда болмадым. Дегенмен сол күні алмастырмағанда екінші голды да соғатындай сезім болды. Бірақ мен команданың әрбір голына өзім соққандай қуанамын.

- Сіз гол соққанда оны командаластармен тойлатпадыңыз...

- Гол соққаннан кейінгі жағдай эмоцияға қатты берілгеннен болды деп ойлаймын. Бірақ бұл мәселе бойынша ешнәрсе айтқым келмейді.

- Чемпионаттың екі кездесуі мен кубоктік ойындар ғана қалды. Қандай есеп-қисап жасауға болады?

- Бізде мақсат соңына дейін бару. Екі матчты жеңіп, ел кубогін ұту. Бұл нәтижеге жету үшін біз бар күшімізді саламыз!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×