Ненад Белица: «Бізге «Қызыл-Жардың» қалай ойнайтыны маңызды емес»

28.07.2022, 01:06
Алғашқы матчта 2:1 есебімен хорватиялық команда жеңіске жеткен еді.
Ненад Белица: «Бізге «Қызыл-Жардың» қалай ойнайтыны маңызды емес»

«Осиек» командасының бас бапкері Ненад Белица Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қызыл-Жармен» болатын қарымта матч туралы пікір білдірді:

- Жексенбі күнгі ойыннан кейін екі жаттығу жасадық, матч қарсаңында тағы бір жиын өткіземіз. Леовацтан басқа ойыншылардың барлығы матчқа дайын. Бельо? Оның ойынға қатысу-қатыспауы әлі белгісіз. Топчагичте жеңіл жарақаттар бар. Қалған ойыншылар матчқа қатысуға және біздің жүктеген тапсырмаларымызды орындауға дайын.

Олар біздің үмітімізді ақтап, бірінші кездесуде өздерін дәл біз ойлағандай көрсетті. Біз олардың қорғаныста және алыс пастар арқылы ойнайтынын, өте қауіпті шабуылдар ұйымдастыру үшін әрбір мүмкіндікті пайдаланатынын білдік. Бірінші ойында олар гол соғатын үш-төрт мүмкіндік жасады. Демек, ертеңгі ойында жеңіске жетеміз десек, алдымызда үлкен міндет тұр деген сөз. Ал біз мұны қалай болғанда да жасағымыз келеді.

Бізге олардың қалай ойнайтыны маңызды емес, біз өзіміздің ойынымызға назар аударамыз және матчта үстемдік етуге тырысамыз, жанкүйерлерімізге жақсы ойын мен жеңіс сыйлағымыз келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×