Ненад Эрич: «Биылғы жыл барлық жағынан қиын болды»

01.11.2020, 22:18
«Астананың» биылғы маусымда чемпион болмайтыны анық.
Ненад Эрич: «Биылғы жыл барлық жағынан қиын болды»

«Астана» турдың орталық кездесуі аясында «Қайратқа» 1:0 есебімен жол берді. Ойыннан кейін елордалық команданың капитаны кездесу туралы пікірімен бөлісті: 

- «Қайратқа» қарсы ойында өкінішке орай жеңіліп қалдық. Біз ойынға тек жеңіс үшін шыққан едік, бірақ бұл футбол! Мен команда атынан осы ойынның және бүкіл маусымның нәтижесі үшін жанкүйерлерімізден кешірім сұрағым келеді. Ойындардың көрермендерсіз өткендігіне қарамастан, біз жанкүйерлеріміздің қолдауын сезінеміз, оларды Алматыда көргенімізге қуаныштымыз. «Астана» соңғы жылдары барлығын бірінші орынға және еурокубоктердің топтық кезеңдеріне қатысуға үйреткенін түсінеміз, бірақ биылғы жыл барлық жағынан қиын болды. Қазір ең бастысы ұнжырғамызды түсірмей, лайықты қорытынды шығарып, алға жылжу маңызды. 

- Чемпиондыққа тек матиматикалық тұрғыда мүмкіндік қалды, алайда чемпионат әлі де жалғасуда. Команда алдында қандай міндет тұр? 

- Біз әр ойынға бір ғана мақсатпен, яғни жеңіс үшін шығуымыз керек. Алда бес ойын бар, біз жанкүйерлерімізді және клубымызды жеңістермен қуантқымыз келеді!

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×