Ненад Эрич Қазақстанның үздік футболшысының есімін айтты

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
06.09.2024, 14:50

Қазақстан құрамасы мен «Астананың» бұрынғы қақпашысы Ненад Эрич бүгінгі таңдағы қазақстандық ең мықты футболшының есімін айтты.

Ненад Эрич Қазақстанның үздік футболшысының есімін айтты
Ненад Эрич

«Қазақстанда доп теуіп жүргендердің арасынан менің досым Марин Томасовты айтар едім. Ал қазақстандық ойыншылар арасынан Бахтиер Зайнутдинов деуге болады. Қазір Түркиядағы жағдайының аса мәз емес екенін көрдім, алайда, ол өте талантты әрі мықты футболшы. Сондай-ақ, Зайнутдинов өте көп тер төгеді және тәртіпті, сондықтан оның басынан өтіп жатқан жағдайлардың уақытша екеніне сенімдімін», - деген еді Ненад Эрич.

Айта кетейік, Ненад Эрич «Астанада» 10 маусым өткізіп, алты рет ҚПЛ-де топ жарды. Бұдан бөлек екі рет Қазақстан Кубогі мен үш мәрте Суперкубокті ұтқан. Қазір қақпашы жұмыссыз, болашақта бапкерлікке бет бұруы мүмкін екендігін айтқан болатын.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×