“Аякс” командасы Эредивизияның 14-турында “Гронингенді” қабылдап жатыр.
Әзірге бірінші тайм қорытындысы бойынша “Аякс” 1:0 есебімен қарсыласын жеңуде.
Айта кетейік, аталған кездесуді “Йохан Кройфф Аренада” бір ғана адам тамашалауда. Питер есімді аты жаман аурумен ауыратын азамат соңғы тілегі ретінде “Аякстың” ойынын көргісі келетінін жеткізіпті. Негізінде аталған кездесу 30 қараша күні өтуі тиіс болған. Алайда фаер-шоу жасаған алаң иелері жанкүйерлері қауіпсіздік ережесін бұзып, матчтың ары қарай өтуіне кедергі жасады. Төреші ойынды кейінге ауыстырды. Питерде ойынды соңына дейін тамашалай алмады.
Амстердам командасы қайта ойнатылып жатқан кездесуге тек бір ғана фанатты кіргізуге рұқат беріпті. Төсекке танылған Питер қазіргі сәтте өз өміріндегі соңғы футбол кездесуін тамашалауда.