CorenDon компаниясы Кюрасаоның ерлігіне байланысты CorenDick деп өзгертілді.
Бұл идея Кюрасаоның Ямайкамен болған шешуші кездесуіне дейін айтылған болатын. Егерде 50 мың тұрғыны бар мемлекет ұжымы Әлем чемпионатына шықса, онда компания атына бапкердің есімінің жалғауы қосылады деп уәде етілді. Міне соның дәлелі ретінде туристік компанияның сайтының аты Don-нан Dick-ке өзгертті.
Жалпы Corendon компаниясы 2024 жылдан бері Кюрасао құрамасына демеуші болып келеді. Туристік ұйымның бұндай батыл қадамға баруының себебі де осы.
Еске салсақ, Венгрияға қарсы хэт-трик жасап, өз елін Әлем чемпионатына шығуына мүмкіндік жасап берген Трой Паррот есімімен Дублин әуежайы өзгертілген болатын.