Нидерланды Солтүстік Македонияны сенімді түрде жеңді

22.06.2021, 05:22
С тобынан Нидерланды мен Австрия құрамалары плэй-офф кезеңіне шықты. Ал Украина топтық кезеңнің аяқталғанын күтеді
Нидерланды Солтүстік Македонияны сенімді түрде жеңді

Еуропа Чемпионатының топтық кезеңінің соңғы турында Солтүстік Македония Голландия құрамасынан жеңіліп қалды. Кездесу Амстердамдағы "Йохан Кройф Аренада" өтіп, 3:0 есебімен аяқталды.

Матчтың 24-минутында Нидерланды құрамасының шабуылшысы Мемфис Депай есеп ашты. 51-минутта көзге түскен Жоржиньо Вейналдум Жеті минуттан кейін дубль жасады. ПСЖ командасына ауысқан дәл осы жартылай қорғаушы матчтың үздік ойыншысы атанды.

Нидерланды тоғыз ұпай жинап, С тобында бірінші орынға ие болды Солтүстік Македония (0) соңғы орын алғандықтан турнирден шығып кетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×