25 жастағы Мариу Рабиу алдағы уақытта “Ертіс” сапын толықтырмақ.
2025 жылдың ақпан айында “Ақтөбе” сапына ауысқан легионер Павлодар ұжымына жалға берілмек. Мариу ақ-қызылдар ұжымының биылғы жоспарының негізінде жоқ ойыншы ретінде есептеуге болады. Сол себепті келісім шарты бола тұра Рабиу мансабын уақытша “Ертісте” жалғамақ.
Айта кетейік, Мариу “Скендербеу”, “Модено”, “Гроссето”, “Витербезе” және “Абуджа” командаларында да өнер көрсетті.
Мәселен, 2022 жылы жартылай қорғаушы “Моденамен” Италияның төменгі дивизиондар арасындағы Кубокке қол жеткізді. Аталған жүлде Рабиу мансабындағы алғашқы ірі трофейлердің бірі болып есептелінді.
Трансфермаркет 25 жастағы нигериялықты 100 мың еуроға бағалайды.