Елордалық “Жеңіс” 34 жастағы қақпашы Никита Калмыковпен келісімшартты бұзды.
Никита Павлодар футболының түлегі. Ол өз мансабын “Ертістің” жастар командасында бастаған. 2009 жылы Калмыков павлодардық клубтың негізгі ұжымымен бірге Премьер-лигада дебют жасайды. Жалпы алғанда “Ертісте” қақпашы 10 жыл ойнады. Павлодар ұжымынан бөлек, Никита “Қызылжар”, “Ақсу” және “Қайсар” клубтарында доп тепті.
Калмыков Премьер-лиганың осы маусымында “Жеңіс” қақпасында 6 ойын өткізіп, 12 гол жіберді.
Айта кетейік, елордалық ұжым бүгін ішкі чемпионаттың 15-туры аясында “Елімайға” қонаққа барады.
Біздің серіктес: FONBET