Никитенко: «Ордабасымен» болған ойында екі ұпайдан айырылдық»

04.10.2020, 18:09
«Тараз» соңғы екі ойында «Тобыл» және «Ордабасы» клубтарымен тең ойнады.
Никитенко: «Ордабасымен» болған ойында екі ұпайдан айырылдық»

«Тараздың» бас бапкері Владимир Никитенко клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында матчтан алған әсерімен бөлісті

- Владимир Андреевич, ойын туралы қандай пікір білдірер едіңіз?

- Менің ойымша, біз жалпы ойынды бақылауда ұстадық. Бір сәтті қоспағанда, Жоао Паулоны бейтараптандыру мүмкін болды. Әрине, айып соққыларынан гол жіберіп алуымыз мүмкін еді. Бұл, негізінен, орын алды - стандарттан кейін қателік жасап, гол жіберіп алдық. Біз матч барысында алға шықтық, екінші голды соқтық, бірақ ол есептелмеді. Шабуылға келер болсақ, біздің ойыншылар «Тобылға» қарсы болған матчпен салыстырғанда толығымен сенімді көрінген жоқ.

- Нәтижеге көңіліңіз тола ма?

- Жалпы, біз екі ұпай жоғалттық деп ойлаймын - тең ойын бізге сәйкес келмейді. Шабуылдық әлеуеті күшті «Ордабасы» командасының мәртебесін ескере отырып, тең нәтижені қолайлы нәтиже деп санауға болады. Бұдан жақсы нәтиже күткенбіз. Ойынды жақсартатын боламыз.

- Команданың негізгі құрамында клубтың тәрбиеленушілері көп...

- "Тараз" ойыншыларына бағытталған біздің стратегиямыздың жұмыс істеп жатқанына қуаныштымын. Бүгін алаңға бес жергілікті ойыншы шықты. Жалпы, маусымда біз басқа командалармен салыстырғанда клуб тәрбиеленушілерін көп қолданамыз. Осы командалық модель болашақта өзін қалай көрсететінін байқайтын боламыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×