Николай Костов “Ақтөбені” жаттықтыруын жалғастырады

28.10.2025, 20:35

"Ақтөбе" клубының бас бапкері Николай Костов келесі маусымда да команда тізгінін ұстайтын болды деген алдын ала ақпарат тарады.

Николай Костов “Ақтөбені” жаттықтыруын жалғастырады

Болгариялық маман кем дегенде тағы бір жыл клубта қалады. Бұл шешім клуб басшылығы жаңа маусымның алғашқы кезеңіндегі команданың нәтижелерін көріп барып, түпкілікті шешім қабылдағанша күшінде болмақ.

Телеграмдағы Серый Cardinal арнасының хабарлауынша, Костов маусымаралық кезеңде команда жасақтау ісіне тікелей араласпақ. Әсіресе, ол шабуыл шебін күшейту мақсатында Бразилиялық футболшыларға басымдық беруді жоспарлап отыр.

Қазіргі таңда Николай Костов демалыс алу үшін өз еліне кеткен. Бапкер қараша айында қайтадан Қазақстанға оралып, жаңа маусымға дайындықты бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×