Николай Костов: «Біз кубокті жеңіп алғымыз келеді»

11.07.2022, 21:11
Ақтаулық клубтың алдына Қазақстан кубогін жеңу міндеті қойылған екен.
Николай Костов: «Біз кубокті жеңіп алғымыз келеді»

«Каспий» командасының бас бапкері Николай Костов Қазақстан кубогінің бірінші турында «Қызыл-Жармен» болған ойынды (1:1) қорытындылады:

- Өзіңіз байқағандай, қарсылас өрескел қателікті пайдаланып, алғашқы шабуылынан-ақ гол соғып кетті. Одан кейін ойын тізгінін қолға алып, қарсыластың жарты алаңында ойнадық. Біз гол соғатын мүмкіндіктер жасағымыз келді, бірақ үзіліске жақсы көңіл-күймен кету үшін есепті теңестіріп үлгермедік. Дегенмен, екінші таймда таразы басын теңестірдік. Біз үшін бұл ойында ұтылмау маңызды болды, өйткені бұған дейін қатарынан 3 матчта жеңіліп қалдық.

«Қызыл-Жар» негізгі құраммен ойнаған жоқ. Ал біз, мықты ойыншыларымызды шығардық. Өйткені біз кубокті жеңіп алғымыз келеді. Бұл тамаша мүмкіндік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×