Николай Костов: «Біз өз философиямыздан таймай, әр ойын сайын дамуды жалғастырамыз»

11.04.2022, 15:30
Ақтаулық клуб маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Николай Костов: «Біз өз философиямыздан таймай, әр ойын сайын дамуды жалғастырамыз»

«Каспийдің» бас бапкері Николай Костов Премьер-лиганың бесінші турында «Қайратпен» боолан ойын (1:0) туралы пікір білдірді:

- «Қайрат» ойыншылары бұл жеңіске лайық болды. Бұл ойын біздің командаға әлі де өз бетімен көп жұмыс істеу керектігін көрсетті. Біз өз философиямыздан таймай, әр ойын сайын дамуды жалғастырамыз. Келген жанкүйерлер ойынның қарқынына риза болды деген ойдамын. Шабуыл шебіндегі «Қайрат» ойыншыларына қарсы ойын оңай болмайды деп әу бастан күткен едік. Ойлағанымыздай-ақ олар үлкен шиеленіс тудырды. Бәрібір ойын қызық болды, өкінішке орай біздің команда жеңіліп қалды. Алдағы уақытта «Қайрат» футбол клубына сәттілік тілеймін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×