Николай Костов: «Біздің жігіттер, мақтауға тұрарлық және құрметке лайық»

12.03.2022, 02:38
Ақтаулық клуб бүгін Қазақстан чемпионынан ұпай алды.
Николай Костов: «Біздің жігіттер, мақтауға тұрарлық және құрметке лайық»

«Каспийдің» бас бапкері Николай Костов «Тобылмен» болған ойынды қорытындылады.

– Қазақстанның қазіргі чемпионы, яғни «Тобыл» футбол клубымен болған ойынға қатысты пікіріңізді білдіре аласыз ба?

– Менің ойымша, бұл ойын өте жақсы өтті. Екі команданы да осындай ойын үшін құттықтағым келеді, ойыншылар барын салды. Чемпион командаға қарсы өзінің рухын түсірмей, жақсы нәтиже үшін ойнаған командама ризамын, ең бастысы барлығы да жеңіс үшін ойнады. Себебі біздің жігіттер, мақтауға тұрарлық және құрметке лайық. Сондай-ақ маған команданың ұйымшылдығы мен тәртібі ұнады. Ол қарсыластар үшін нағыз қару болып табылады.

Біздің ойыншылардың болашақта дәл осындай ойын көрсететініне және турнирлік кестеде алға жылжитынымызға сенімдімін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×