"Ақтөбе" бас бапкері Николай Костов Ресейлік "УФА" командасына қарсы өткен жолдастық кездесудегі ірі жеңілістен (1:4) кейін өз ойын білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бапкер нәтиженің көңіл көншітпейтінін мойындаса да, бұл жеңілістен фобия жасаудың реті жоқ деп есептейді.
Бапкердің айтуынша, команданың төрт гол жіберіп алуына негізгі құрамдағы дисбаланс пен стандартты жағдайлардағы салғырттық себеп болған.
Жіберілген төрт голдың үшеуі айып добы немесе бұрыштамадан кейін соғылған. Костов бұл бағытта жұмысты күшейтетінін қадап айтты.
Ойынға негізгі құрамның алты бірдей ойыншысы қатыса алмаған. Бұл алаңдағы байланыстың әлсіреуіне әкеп соқтырған.
Николай Костов оқу-жаттығу жиындарының басты мақсаты — қателіктерді анықтау екенін еске салды:
"Нәтиже өте жағымсыз, бірақ ойын өте қарқынды өтті. Қарсылас біздің осал тұстарымызды көрсетіп берді. Дүрбелеңге салынудың қажеті жоқ, өйткені бұл — жолдастық кездесу. Қорғаныста жақсартатын тұстар өте көп екенін көрдік және алдағы уақытта осы олқылықтармен жұмыс істейтін боламыз.” — деді маман.