«Каспийдің» бас бапкері Николай Костов «Ақтөбемен» болған ойынды (2:0) қорытындылады:
- Біріншіден, мен екі команданы да құттықтаймын, өйткені бұл өте жақсы футбол болды. Маған екі команданың да көрсеткен ойыны ұнады. Біз ойынды көбірек бақылауда ұстадық, позициялық шабуылдарды көбірек жасадық, қарсыласқа үнемі қысым жасадық. Менің ойыншыларым құрметке лайық, олардың осылай ойнағанына өте қуаныштымын, шыдамдылық танытқанына ризамын. Олардың ойынын кез-келген матчта тамашалағанды ұнатамын. Мен тіпті жаттығудан ләззат аламын, жігіттер менің ойын философияма бейімделуде. Ойыншылар мақтаудан басқа ештеңеге лайық емес, біз он ойын өткіздік және лигада бірінші орында тұрмыз.
Сондай-ақ бүгінгі ойынға қатысқан жанкүйерлерімізге де алғыс айтқым келеді. Олар бізді жақсы қолдады, бұл жеңіс солардың еңбегі. Бірақ байқағанымдай, бос орындар көп, ал біз бірінші орында тұрмыз – бұл парадокс. Ойыншылар, қаламыздың даңқын көтеруде, олар үлкен қолдауға лайық. Келесі ойында стадион лық толы болады деп сенемін.
Біз келесі ойындарға дайындалып, бүгінгідей барымызды салып ойнаймыз. «Ақтөбе» – мықты команда, бүгін өте қиын ойын болды. Сондықтан бұл жеңіске өте қуаныштымын.
Біздің серіктес: FONBET