Николай Костов: «Қызыл қағаз бен пенальти бергені дұрыс шешім болды деп ойлаймын»

24.05.2022, 02:38
Ақтаулық клуб халықаралық үзіліске турнирдің көшбасшысы ретінде кетті.
Николай Костов: «Қызыл қағаз бен пенальти бергені дұрыс шешім болды деп ойлаймын»

«Каспийдің» бас бапкері Николай Костов «Таразға» қарсы өткен ойын (2:1) туралы пікір білдірді:

- Біз ойынды өте жақсы бастадық, қарсыласты үнемі қысымның астында ойнауға мәжбүр еттік. Осыған байланысты олар қателесе бастады және бос кеңістіктерді жаба алмады. Біз жақсы мүмкіндіктер жасап, оларды жүзеге асырдық. Лайықты түрде жеңіске жеттік. Қызыл қағаз бен пенальти бергені дұрыс болды деп ойлаймын. Мен төрешінің шешімін талқылай алмаймын, бірақ біз қарсыластардан әлдеқайда күшті болдық. Пенальтиді пайдалана алмасақ та, гол соқтық. Осыдан кейін біз ойынды өз бақылауымызға алдық, өйткені біз үшін жеңіс маңызды болды. Екі қызыл қағаздан кейін қарсылас шаршады, ал біздің ойыншыларымыз аздап босаңсып қалды, бұл заңды құбылыс. Алаңға көптен бері ойнамаған ойыншылар шықты. Ойынды қадағалап, жеңісімізге сенімді болғанымыздың арқасында кейбір ойыншыларға бұл ойында өздерін көрсетуге мүмкіндік бердік. Біздің команданы қолдаған жанкүйерлерге рахмет! «Каспий» қазір бірінші орында, біз жақсы футбол ойнаймыз, дамып, алға қарай жылжимыз.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×