Николай Солодовников “Ұлытаудан” кетті

Жезқазғандық “Ұлытау” 25 жастағы молдавиялық шабуылшы Николай Солодовниковпен қош айтысты. 

Николай Солодовников “Ұлытаудан” кетті

Николай Молдова астанасы Тираспольда дүниеге келген. Ол жергілікті “Шериф” командасында тәлім алған. Өз мансабында шабуылшы “Динамо-Авто”, “Сфынтул Георге”, “Флорешть”, “Висла Сандомир”, “Кукеси” және  “Судува” клубтарында өнер көрсетті.

Николай “Ұлытау” ұжымына осы жылдың қыс айында келіп қосылған болатын. Жалпы алғанда Премьер-лига командасында Солодовников 14 ойын өткізіп, 1 гол соқты.

Айта кетейік, 25 жастағы ойыншы 2022/23 жылғы маусымда Молдова біріншілігінде 9 гол соғып чемпионаттың үздік сұрмергені атанған. 

 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×