Түркістандық ұжым 25 жастағы шабуылшыны керек қылмауда, деп хабарлайды Aladop.kz.
“Шериф” академиясының түлегіне Түркістан командасы тарапынан жаңа келісім шарт ұсынылмапты.
Еске салсақ, Солодовников Нұркен Мәзбаев жаттықтыратын “Ұлытаудан” “Тұранға” осы жылдың жаз айында ауысып келген болатын. Чемпионаттың осы маусымында шабуылшы түркістандықтар сапында 9 матч өткізіп, 1 гол соқты. Николай “Ұлытауда” жүргенде де 15 матчта 1 голды әзер соққан еді.
Осы себептен, қазақстандық команда нәтижелілігі төмен футболшыны командадан кетіруді жоспарлауда.
Айтпақшы, тағы “Тұран” шабуылшы Велько Трифуновичте жыл соңында командадан кетеді деп күтілуде.