Николас Бентнер айып төлемек

19.06.2012, 03:20
Николас Бентнер айып төлемек

Николас Бентнер Португалия құрама командасының қақпасына гол соққаннан кейін шортыйын шешіп, дамбалын көрсеткен. Бұл жағдайды жарнама ретінде қараған УЕФА ойыншыны жазаға тартпақ. Бейресми ақпараттар бойынша Дания құрамасының шабуылшысы киген әлгі дамбалда Ирландиялық букмекерлік кеңсенің аты жазылған екен.  Ойыншы осындай астыртын келісімге келіп, қалтасын қомпайтып алған деседі. Осы сәтті тамаша пайдаланған Бентнер гол соғысымен ұжымның аты жазылған дамбалды күллі әлемге көрсеткен. Енді осы әрекеті үшін Николас жарыс ұйымдастырушыларына 100 мың ақш долларындай айыппұл төлейді екен.

Елдің айтуына қарасақ, ол айыппұлды шамасы Бентнер емес, сол әлгі дамбалда аты жазылған букмекерлік кеңсе төлемек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×