Нилс Цатль: «Мені Қазақстанға кіргізбей қойды»

07.08.2020, 16:24
Алғашқы екі ойынның өзінде-ақ «Тараздың» көшбасшысы болған еді.
Нилс Цатль: «Мені Қазақстанға кіргізбей қойды»

Австриялық шабуылшы Нильс Цатль «Тараздан» не үшін кеткенін айтты.

28 жастағы Цатль наурызда ҚПЛ-2020 аясында екі матч өткізді. «Қайратпен» өткен ойында (1:2) ол гол соқты, ал «Ордабасымен» кездесуде (3: 2) нәтижелі паспен көзге түсті.

Цатльдің сөзіне қарағанда, Алматы әуежайына келген оны Қазақстандағы коронавирус жағдайына байланысты елге кіргізбеген, сондықтан ол Австрияға қайта ұшуға мәжбүр болған. Клуб пен ойыншы келісімшартты бұзуды шешті.

«Мен Қазақстанға ресейлік агент арқылы келдім. Ол менен бұл мүмкіндікті пайдаланып көресің бе деп сұрады. Мен Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына барып, екі күннен кейін келісімшартқа отырдым.

Қазақстанда шекара бір сәтте жабылды. Мен өзім Венаға 16 наурыз күні Мәскеуден соңғы ұшақпен ұшып кеттім.

Маусым айының басында мен Қазақстанға оралуға тиіс едім. Мен Алматыға келдім, бірақ маған коронавирустың өршуіне байланысты елге кіруге рұқсат етілмеді. Менің визам және жұмыс істеуге рұқсатым болғанына қарамастан мені кері жіберді.

Мен тек екі рет жалақы алдым. Тағы да Қазақстанға ұшып барғым келеді, бірақ өкінішке орай бара алмаймын. Болашақта елге ораламын ба? Көреміз, бірақ бірнеше нұсқа бар», - деді Цатль.

Наурызда ҚПЛ-дің екі толық туры өтті, ал үшіншісі 1 шілдеде өтті. Чемпионаттың қайта басталуы 3 тамызға жоспарланған болатын, бірақ карантиннің ұзартылуына байланысты кейінге шегерілді. Маусымды қайта бастауға арналған жаңа күн 17 тамыз деп аталып жатыр. Бірақ бұл ресми түрде мақұлданған жоқ.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×