Жанкүйерлер мен ойыншылар арасындағы жаппай төбелеске байланысты тоқтатылған Франция чемпионатының 3-ші турындағы «Ницца» мен «Марсель» арасындағы матч тоқтап қалды.
«Марсель» ойыншылары матчты жалғастырғысы келмегендіктен, Франция чемпионатының регламентіне сәйкес, 0:3 есебімен техникалық жеңіліске ұшырайды. «Ницца» капитаны Данте «Марсель» ойыншыларын матчты аяқтауға көндіргенімен, бұл әрекетінен түк шықпады.
Жанжал 75-минутта басталды: «Ниццаның» жанкүйері «Марсельдің» жартылай қорғаушысы Димитри Пайетке бөтелке лақтырды. Футболшы жауап ретінде бөтелкені қайтадан трибунаға лақтырды, содан кейін ашулы жанкүйерлер алаңға шығып, төбелес басталып кетті.
Біздің серіктес: FONBET