«Нью-Сейнтс» клубының бас бапкері Крейг Харрисон «Астанамен» болған бәсекеден кейін матч туралы пікірімен бөлісті.
«Біздің ойыншылар мен клуб қызметкерлерімен және осы жұмысқа атсалысқандардың барлығымен мақтанамын, себебі негізгі шаруаның барлығы алаңнан тыс атқарылып жатады. Ойында көптеген мүмкіндіктеріміз болған, екі голдан да артық салуымыз керек еді. Енді осы алған бетімізден таймаймыз, егер дәл осылай жалғастыра алсақ, онда болашаққа үлкен жоспарлар құратын боламыз. Мұның барлығының біздің қайда әкелетінін әзірше білмеймін, алайда, біз жеті ұпайға барынша жақындауға тырысып көрмекпіз.
Бүгін біз ойын барысында гол соғатын бірнеше сәтті жүзеге асырдық, мұның барлығы «Фиорентинамен» өткен матчтағыдай, командамыздың осы турнирде ойнауға лайық екенін көрсетті. Бүгінгі бәсекеде жігіттер жоспарды тактика тұрғысында орындады және оны өте сенімді жүзеге асырды», - деді уэльстік команданың бапкері.
Айта кетейік, Конференциялар Лигасынының екі турынан кейін «Астананың» қоржынында 3 ұпай. Елордалықтар бірінші турда сербиялық «ТСЦ» командасын ұтқан (1:0).
Біздің серіктес: FONBET