«Ньюкасл Юнайтед» - «Барселона» кездесуіне болжам

Бүгін, 15:40

«Ньюкасл Юнайтед» ЧЛ 1/8 финалындағы алғашқы бәсекеде  «Барсаны» қабылдамақ.

«Ньюкасл Юнайтед» - «Барселона» кездесуіне болжам
"Ньюкасл" - "Барселона" кездесуі

«Ньюкасл Юнайтед»

Эдди Хаудың шәкірттері бұл матчқа тұрақсыздық жағдайында келуде. Соңғы бес матчта «сауысқандар» тек екі рет жеңіске жеткен - «Манчестер Юнайтедті» (2:1) және «Қарабақты» (3:2) ұтқан. Ал АПЛ-де осы жақында ғана «Манчестер Ситиден» (1:3) және «Эвертоннан» (2:3) есе жіберді. Команда қорғаныста осал көрінеді. Мысал үшін, соңғы бірнеше матчта Эдди Хау командасы тұрақты түрде екі немесе одан да көп гол жіберіп келеді. Әйтсе де, өз алаң факторы шешуші маңызға ие болып кетуі мүмкін. «Сент-Джеймс Паркте» «сауысқандар» мықты ойын көрсетеді.

«Барселона»

«Барселона» атаулы кездесу алдында бабында. Тіпті керемет формада деуге де болады. Соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіс - «Атлетиконы» (3:0), «Вильярреалды» (4:1), «Левантені» (3:0) және «Атлетикті» (1:0) ұтты. Каталондықтар шабуылда да, қорғаныста да тұрақты ойын көрсетуде. Команда допты бақылауда ұстап, қарсылас қақпасына көп мүмкіндік жасайды. Ерекше көзге түсетіні жалғыз жеңіліс «Жиронадан» болды (1:2).

  • «Барселона» соңғы 5 матчтың 4-еуінде жеңіске жетті
  • «Ньюкасл» соңғы 5 ойынның 3-еуінде жеңілген
  • «Барселона» соңғы 5 матчтың 3-еуінде кемі 2 голдан салды
  • «Ньюкасл» қатарынан 5 матчта гол жіберіп алған

Редакция болжамы: 

«Ньюкаслдың» өз алаңында ойнайды, алайда, қазіргі бабы әрі ойын сапасы «Барселонаға» басымдық береді. Кездесудегі айқын фаворит каталондықтар. Осыдан келе «Аладоп.кз» екі команда да гол салады деген болжам ұсынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×