"Ньюкасл" шабуылшы Александр Исакты осы жазда сатуды жоспарлап отырған жоқ деп хабарлады talkSPORT.
Дереккөз мәліметінше, "Ньюкасл” Исакқа қызығушылық танытқан клубтарды шегіндіру үшін оның трансферлік бағасын 173 миллион еуродан (150 миллион фунт стерлинг) жоғары етіп белгілеген. Ал "Ливерпуль” клубы оларға 139 миллион еуро (120 миллион фунт) ұсынғанымен, бұл ұсыныс қабылданбаған.
Бұған дейін Сауд Арабиясының "Аль-Хиляль” клубы Исактың трансферіне араласуы мүмкін екені айтылған. Алайда футболшының өзі егер командадан кететін болса тек Мерсисайдқа, яғни "Ливерпульге” ғана ауысатынын хабарланған.
Сонымен қатар, беделді басылымдардың хабарлауынша, “Қызылдар” "Айнтрахт Франкфурт" клубының шабуылшысы Уго Экитикамен келісім-шартқа қол қоюға жақын.
2024/2025 маусымында Исақ барлық турнирлерде 42 матчқа қатысып, 27 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді.
Команданың Швед ойыншымен жасалған қазіргі келісім 2028 жылғы маусым айының соңына дейін жарамды.
Transfermarkt мәліметі бойынша, ойыншының нарықтағы құны €120 миллион.