No Messi, no party!

“Интер Майами” “Индепендьентеге” қарсы жолдастық кездесуін кейінге шегерді

No Messi, no party!

Бұған себеп, капитан Лионель Мессидің жарақаты деген ақпарат бар.

Айта кетейік, 8 ақпан күні “Интер” Майами эквадорлық Барселонаға қарсы Гуаякиль жерінде матч өткізіп, 2:2 есебімен тең тарқасып қайтып еді. Аталған кездесуде америкалық клуб сапынан капитан Лео Месси 1 гол мен 1 голдық пас берді. Бірақ екінші таймның бір эпизодында аргентиналық бұлшықетін зақымдап алды. Осы себептен, Интер командасы тағы бір эквадорлық Индепендьентемен болатын ойынды кейінге шегерді.

Қос команданың Баямон стадионындағы жолдастық кездесуі 27 ақпан күні таңғы сағат 6:00-де өтеді деп жоспарланған. Аталған уақытқа дейін Леонель Месси жарақатынан айығып үлгеруі тиіс.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×