No Satpayev, no party – «Бëрнли» жеңіліске ұшырап, Чемпионшипте соңғы орында қалды

Бүгін, 08:12

Дастан Сатпаев өнер көрсететін «Бёрнли» Чемпионшиптің жетінші турында сырт алаңда «Суонсиден» 1:3 есебімен ұтылды, деп хабарлайды Aladop.kz.

No Satpayev, no party – «Бëрнли» жеңіліске ұшырап, Чемпионшипте соңғы орында қалды
Nicky Hayen

Жеті кездесудің қорытындысы бойынша «Бëрнли» турнирде әлі бірде-бір жеңіске жете алған жоқ.

Матч «Суонси.ком» стадионында өтті. Алаң иелері 14-минутта Адам Айданың голы арқылы есеп ашты. 33-минутта Mалилік шабуылшы Мусса Йео Уэльстік ұжымның басымдығын арттырды. Үзілістен кейін, 58-минутта Ларжи Рамазани гол соғып, «Бёрнлидің» есеп айырмасын азайтуына мүмкіндік берді. 65-минутта алаңға «Бёрнлидің» жаңа ойыншысы Джейми Варди шыққанымен, ойын ағысын өзгерте алмады. 68-минутта Жан Випотник «Суонсидің» үшінші добын соғып, кездесудің соңғы есебін белгіледі – 3:1.

Дастан Сатпаев жарақатына байланысты бұл ойынға қатыса алмады. 18 жасар Қазақстандық форвард 2 қыркүйекте «Мидлсбромен» (1:1) болған үй кездесуінде жарақат алып қалған еді.

«Бёрнлидің» бас бапкері Никки Хайеннің айтуынша, Сатпаевтың емделу процесі «Бёрнли» мен «Челсидің» медициналық штабтарының бірлескен бағдарламасы бойынша өтіп жатыр. Оның халықаралық үзілістен кейін қатарға қосылуы күтілуде.

Маусым басы «Бёрнли» үшін сәтсіз өтуде. 7 турда команда бар болғаны 3 ұпай жинап, турнирлік кестеде соңғы, 24-орында тұр. Ал «Суонси» бұл жеңістен кейін ұпай санын 14-ке жеткізіп, екінші орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
×