Норвегиядағы ойын сәтсіз аяқталды

22.08.2024, 23:59

“Астана” клубы норвегиялық "Браннға" қарсы сырт алаң кездесуінде жеңілді.

Норвегиядағы ойын сәтсіз аяқталды

Конференция Лигасы, плей-офф

“Бранн” 2:0 “Астана”

Голдар: Феликс Мюре 12’, Финне 69’

Елорда ұжымы Конференция Лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін қарымта ойында “Бранн” қақпасына кем дегенде 3 гол соғуы тиіс. Онымен қоса, Алматыда гол жібермегені абзал. 

Еске салсақ, норвегиялық командамен жолдары түйіспей тұрғанда “Астана”  қосы ойын қорытындысы бойынша румыниялық “Корвинулды” 8:2 есебімен тізе бүктірген болатын. Ал “Бранн” болса, шотландиялық “Сент-Мирреннен” айласын асырды (4:2). 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×