Ноттингем Форесттің тарихи жетістігі: 1991-92 маусымдағы Брайан Клаф пен 2024-25 маусымдағы Нуно Эшпириту Санту

02.04.2025, 10:30

Ағылшын Премьер лигасының 30-турында "Ноттингем Форест" "Манчестер Юнайтедді" 1:0 есебімен ұтты. Ойынның жалғыз голын Энтони Эланга бұрынғы командасының қақпасына соқты.

Ноттингем Форесттің тарихи жетістігі: 1991-92 маусымдағы Брайан Клаф пен 2024-25 маусымдағы Нуно Эшпириту Санту

1991-92 маусымы: Брайан Клафтың дәуірі

Соңғы рет "Ноттингем Форест" Англияның жоғарғы дивизионында "Манчестер Юнайтедті" екі ойында да жеңгені 1991-92 жылғы маусымда орын алған еді. Сол кезде әйгілі бапкер Брайан Клаф команда тізгінін ұстаған болатын. Бұл маусым Англияның жоғарғы дивизионының соңғы маусымы болды, келесі жылдан бастап Ағылшын Премьер лигасы құрылды.

2024-25 маусымы: Нуно Эшпириту Сантуның жетістігі 

Португалиялық маман Нуно Эшпириту Санту 2023 жылдың соңында "Ноттингем Форесттің" бас бапкері болып тағайындалды. Ол қызметіне кіріскеннен кейін клуб Премьер лигада "Манчестер Юнайтедке" қарсы екі рет жеңіске жетіп, Нуно Эшпириту Санту клуб тарихында 114 жылда алғаш рет өз командасын “Қызыл Сойқандарға” қарсы екі матчта қатарынан жеңіске жеткізген бапкер атанды.

Ал бүгінгі жеңіс "Ноттингем Форест" үшін 32 жылдық үзілістен кейінгі дубльі болды, клуб соңғы рет "Манчестер Юнайтедті” бір маусымда екі матчта да 1991-92 маусымында жеңген.

                                             Өнер Айболат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×