“Ноттингем Форрест” клубы Рафа Бенитеске қызығушылық білдіруде

65 жастағы маман Ағылшын Премьер Лигасына қайтып оралады деп күтілуде.

“Ноттингем Форрест” клубы Рафа Бенитеске қызығушылық білдіруде

Рафаэль бапкердің Ноттингемнен бөлек, грекияның “Панатинаикосынан” тағы бір ұсынысы бар екенін айта кетейік. Алайда 65 жастағы жаттықтырушы тұманды альбион командасын тізгіндеуді жөн көріп отыр.

Осы маусымда орманшылар ұжымы бапкерін бір рет ауыстырып үлгерді. Маусым басын Нуну Эшпириту Сантумен бастаған “Форрест” басшының қалауымен Эндж Постекоглуды командаға шақыртқан болатын. Грекиялық әзірге “Ноттингемнің” жағдайын жақсы жаққа өзгерте алған жоқ. Команда ішкі чемпионатта 5 ұпай жинап, турнир кестесінде 17 орында келеді. 

Бенитес бұған дейін тұманды альбионда “Ливерпуль”, “Эвертон” және “Ньюкасл” ұжымдарын жаттықтырды. Одан бөлек, маман “Реал”, “Наполи” және “Интер” клубтарында баптаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×