"Ноу Камп" күрделі өзгеріске ұшырайды

23.10.2018, 19:18
"Ноу Камп" күрделі өзгеріске ұшырайды
Месси доп тебетін "Ноу Камп" стадионы күрделі жөндеуден өтеді. «Барселона» футбол клубы футбол кешенінің болашақтағы бейнесін таныстырды. Әлемдегі айтулы стадион бірер жылдан кейін адам танымастай өзгеріп, керемет футбол алаңына айналады. 99 мың жанкүйерді қабылдай алатын алып ғимараттың сыймдылығы 105 мыңға дейін ұлғаяды. Сонымен қатар, ашық аспан астындағы стадионның төбесі жабылады. "Ноу Кампты" қайта түлетуге кететін шығын 414 миллион доллардан асады. Құрылыс жұмыстары «Барселонаның» ойын кестесіне кедергі келтірмейді. Себебі жөндеу жұмыстары маусымаралық үзіліске жоспарланған. Стадиондағы қайта жөндеу 2019-шы жылы басталып, 2024-ші жылы аяқталуы тиіс. «Барселона» клубы "Ноу Камптың" жанынан жасөспірімдер командасына арналған стадионның да құрылысын бастап кетті. Бұл футбол кешеніне Йохан Кройфтың есімі беріледі. Сонымен қатар «Барселона» баскетбол командасына да жаңа ғимарат салынады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×