«Ноу Кампта» кім жеңер екен?

24.04.2012, 18:35
«Ноу Кампта» кім жеңер екен?
                Бүгін чемпиондар лигасының ақтық сынына шығатын алғашқы команда анықталады. Ол испандық «Барселона» мен ағылшындық «Челси»  командаларының айқасында шешілмек. Естеріңізде  болса «Стэмфорд Бридж» стадионында ағылшындар 1:0 есебімен басым түскен болатын. Ойындағы ағылшындардың жеңіс добын Кот’д ивуарлық шабуылшы Дидье Дрогба соққан еді. Енді «Ноу Камптағы» ойын қалай болмақ?       «Барселонаның» өз алаңында аянып қалмасы айдан анық. «Месси бастаған жігіттердің «Реалға» жіберген есесін, «Челсиден» қайтарады»-деген пікірлер де айтылып жатыр. Сенбі күні  корольдік клубқа жол берген «Барса», ішкі премьер-лигадан үмітін үзіп те қойды. Енді бұл команданың жалғыз мүмкіндігі осы-чемпиондар лигасы болмақ. 19 сәуір күні Дани Алвештің журналистерге берген сұхбатында: «Бізде әлі мүмкіндік бар, біз финалға шығамыз» деген екен. Бұл сөздің қаншалықты рас екенін бүгінгі матчта көз жеткізетін боламыз. «Челси» ағылшындардың азулы командаларының бірі. Биылғы маусымда ағылшын премьер-лигасында керемет ойын өрнегін көрсете алмаса да, чемпиондар лигасында тамаша нәтижесімен мақтана алады. Соңғы турларда барын салмаса, чемпиондар лигасында да жеңіс төрінен көрінбесе, бұл команда келер жылы  мәртебелі аламанның үміткері болмай қалуы ғажап емес. Сонымен ағылшындық команда барынша қорғанысты қадағалап, аңдап ойнайтыны да белгілі. Ди Маттео: « Мен ойлаймын, бізде гол соғуға мүмкіндік болады»-деген екен. Ендеше бүгін сол мүмкіндік болып, «Челси» командасы қалай пайдалана алар екен? Қош, сонымен ойынды күтейік. Бүгінгі  «Ноу Камптағы» ойынның  бас төрешісі түркиялық Джюнейт Чакыр, оның көмекшілері Бахаттин Дуран жәнеТарик Онгюн, қос қақпа қасында қызмет ететіндер - Хюсейн Гечек, Бюлент Йылдырым, қосалқы рефери - Фират Айдинюс болмақ. Міне, бүгін «Ноу Камп» кімнің мықты екенін анықтамақ. Әрине, мұның бәрі енді уақыттың еншісінде.  

Өмірбек  САНСЫЗБАЙ

 
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×