Нұр-Сұлтанда жаңа футбол клубы құрылды

17.03.2022, 01:09
Аталмыш клуб жаңа маусымда Екінші лигада бақ сынамақ.
Нұр-Сұлтанда жаңа футбол клубы құрылды

Нұр-Сұлтанда «ЖАС-СҰНҚАР» деп аталатын футбол клубы құрылды.

«Құрметті жанкүйерлер, Қазақстанның Екінші Лигасына жаңадан қосылған «ЖАС-СҰНҚАР» футбол клубының ресми түрде өз жұмысын бастағанын қуана-қуана хабарлаймыз. Біздің клуб елордалық футболдың түлектерінен жасақталған.

Сұңқар жыртқыш құс болып табылады. Ол үлкен жылдамдықпен ұшады, максималды жылдамдығы 322 км/сағ дейін жетеді. Дәл осы құс біздің ұжымның символы болып табылады.

«ЖАС-СҰҢҚАР» футбол клубының алдында үлкен міндеттер тұр. Біздің клуб елордада ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша бәсекеге қабілетті команданың біріне айналады деп сенеміз», - деп жазады клубтың баспасөз қызметі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×