Нұралы Әліп Босния және Герцеговина құрамасымен болатын матчқа қатыспайды

06.09.2021, 17:40
Бұл қорғаушыда да визаға қатысты мәселе туындады.
Нұралы Әліп Босния және Герцеговина құрамасымен болатын матчқа қатыспайды

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Қайрат" пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп 2022 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Босния мен Герцеговинаға қарсы өтетін ойынға қатыспайды.

Қазақстан футбол федерациясы қанша тырысқанымен, Әліпке виза аштыра алмады. Федерация құжаттарды тапсырған кезде, Нұралы Конференция лигасында өнер көрсетті және оның төлқұжаты елшілікте болған жоқ. Футболшы Хельсинкиден Қазақстанға қайта оралды.

Сондай-ақ, виза мәселесіне байланысты команда капитаны Азат Нұрғалиев те алдағы ойынға қатыспайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×