«Зениттің» Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліпті ресми түрде қашан таныстыратыны белгілі болды.
Ресейлік клубқа жаңадан келгендердің таныстырылу рәсімі 15 ақпанға жоспарланған, олардың арасында Иван Сергеев, Арсен Адамов және Нұралы Әліп бар.
22 жастағы қазақстандық футболшы «Зенит» сапында польшалық «Мидтьюлланд» және «Брондбюмен» болған матчтарда гол соқты. Оған қоса, Португалияда өткен Atlantic Cup турнирінің жеңімпазы атанды.
Бұған дейін «Зениттің» бас директоры Александр Медведев Нұралыны сатып алу құқығымен маусым соңына дейін жалға алатынын хабарлаған еді. Ресейлік клуб футболшының толық трансфері үшін 4 миллион еуро төлейтін болады.
Біздің серіктес: FONBET