Нұралы Әліп «Локомотив» клубына ауыса ма?

16.02.2021, 04:08
«Қайрат» негізгі қорғаушысын оңайлықпен жібере қоймас.
Нұралы Әліп «Локомотив» клубына ауыса ма?

"Қайрат" пен Қазақстан ұлттық құрамасының 21 жастағы қорғаушысы Нұралы Әліп мәскеулік "Локомотив" клубына ауысуға жақын болған, деп хабарлайды Sport-Express басылымы.

Өткен жазда "Локомотив" орталық қорғаныс аймағын нығайтатын үміткерлерді қарастырды. Бұл тізімнің басында Нұралы Әліп пен ресейлік қорғаушы Никита Чернов тұрды. Бұл туралы ресейлік клубтың бұрынғы селекционері Александр Сорочинский айтты.

Алайда клуб өзінің тәрбиеленушісі Виталий Лысцовтың пайдасына таңдау жасады. 2020 жылдың тамызында "Локомотив" оны "Крылья Советовтан" 1 миллион еуроға сатып алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×