Нұралы Әліп «Зенит» ойыншысы атанды

17.02.2022, 01:31
Ресейлік клуб «Қайрат» футболшысын сатып алу құқығымен маусым соңына дейін жалға алды.
Нұралы Әліп «Зенит» ойыншысы атанды

Санкт-Петербургтік «Зенит» Қазақстан құрамасының 22 жастағы қорғаушысы Нұралы Әліппен келісім-шартқа отырды.

Ресейлік клуб «Қайрат» футболшысын сатып алу құқығымен маусым соңына дейін жалға алды.

Нұралы 2015 жылы «Қайрат» академиясында жаттыға бастады, үш жылдан кейін, яғни 2018 жылы алматылық клуб сапындағы алғашқы ойынын өткізді.

Жалпы, Әліп «Қайрат» жейдесінде 99 кездесу өткізіп, 5 гол мен 4 нәтижелі пасты өз еншісіне жазды. Командамен бірге Қазақстан чемпионатында топ жарып, ел кубогінің екі дүркін иегері атанды. Ал Қазақстан құрамасы сапында 12 кездесу өткізіп үлгерді.

2022 жылдың қаңтарында ол «Зениттің» оқу-жаттығу жиынына шақырту алды. Atlantic Cup турнирі аясында «Мидтьюлланд» (1:0) және «Брондбю» (2:1) клубтарына гол соқты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×