Нұралы Әлиев Қазақстан футболы тарихындағы ең маңызды кезеңдердің біріне тоқталды.
Оның айтуынша, 2002 жылдың 25 сәуірінде Қазақстанның Азия футбол конфедерациясынан шығып, УЕФА құрамына қосылуы ел спорты үшін тағдыршешті қадам болған. Бұл бағыттағы бастаманы оның әкесі – Рахат Әлиев көтергенін атап өтті.
Нұралы өз естеліктерімен бөлісе отырып, Стокгольмде Мишель Платинимен өткен келіссөздерді және 2005 жылы Платинидің Алматыға алғаш рет келгенін жақсы есінде сақтағанын айтты.
"Кеше Орталық стадионда Чемпиондар лигасының матчын тамашаладым. Біздің Алматылық "Қайрат” УЕФА-ның ең атақты клубы – "Реалға" қарсы ойнады. Мұның бәрі Алматыда өтті! Сол сәтте мен әкемнің шешімінің қаншалықты стратегиялық болғанын жүрегіммен сезіндім. Жылдар өтсе де, оның жемісін көріп отырмыз. Мен мақтанамын! Барша Алматылықтарды, күллі Қазақстандықтарды және, әрине, "Қайрат” клубын осы тарихи сәтпен құттықтаймын!." – деп жазды ол Instagram парақшасында.