
«Зенит» футболшылары Ресей премьер-лигасының 24-туры аясында «Краснодармен» өткен ойында ірі есеппен (4:1) жеңіске жеткені үшін қомақты сыйақы алды.
Маңызды матч алдында «Зенит» турнир кестесінде екінші орынға жайғасып, «Краснодардан» бес ұпайға артта келе жатқан болатын.
Тікелей бәсекелеспен болатын кездесуде футболшыларды мотивациялау мақсатында Санкт-Петербург клубының басшылығы премия беруге уәде еткен. Футболшыларға жеңіс үшін 110 мың еуро (шамамен 64,4 миллион теңге), ал үш немесе одан да көп доп айырмасымен жеңіске жеткен жағдайда – 250 мың еуро (шамамен 146,5 миллион теңге) сыйақы беру мәселесі қарастырылды. Маңызды матчта «Зенит» ойыншылары «максималды жоспарды» орындап, сенімді түрде жеңіске жетті.
Қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп бұл ойында алаңға шыққан жоқ. Питерлік футболшы қосалқы құрамда қалды. Дегенмен, Нұралы Әліпке де уәде етілген сыйақы толығымен төленді.
Нұралы Әліп РПЛ 24/25-те «Зенит» сапында өткізген 15 кездесуде 1 гол салып, бір ассист берді. Футболшы мен ресейлік команданың келісімшарты 2028-жылдың жазына дейін жарамды.
Біздің серіктес: FONBET