Нұралы Әліп: “Бүгін гол соққым келді”

14.10.2025, 12:10

Қазақстан ұлттық құрамасы мен Ресейлік “Зенит” клубының қорғаушысы Нұралы Әліп Солтүстік Македонияға қарсы өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу ойынын (1:1) қорытындылап, команда нәтижесіне әсер еткен маңызды жайттарды бөлісті.

Нұралы Әліп: “Бүгін гол соққым келді”

“Біз бас бапкер Талғат Байсуфиновпен бір толқындамыз. Оның өзіне тән әзілдері бар, ал біз оларды жақсы түсінеміз. Жалпы, команданың бапкерлік жұмысына өте ризамыз.” — деді ол QazSport арнасына берген сұхбатында.

Әліп өз ойыншы ретіндегі жеке мотивациясын да жасырмады:

“Шынымды айтсам, бүгін гол соққым келді. Ұлттық құрамада жеті жылдан бері ойнап жүрмін, бірақ әлі бірде-бір гол соққан емеспін. Үйдегі жеңілістен кейін көпшілік бізге сенбеді, сол себепті бұл матчта ерекше намыс болды. Ойын алдында жігіттерге “не болса да жеңуіміз керек” дедім, бірақ, өкінішке қарай, толық нәтижеге жете алмадық.” — деді қорғаушы.

Сонымен қатар, Нұралы командадағы шабуыл сәттері жайында да пікір білдірді:

“Артур Шушеначевтың екі нақты мүмкіндігі болды. Кеше жаттығуда дәл сондай позициядан бірнеше рет гол соққан еді, ал бүгін сәл сәттілік жетіспеді. Ештеңе етпейді, болашақта көп еңбектенеміз.” — деп қорытындылады ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×