Нұралы Әліп Дінмұхаммед Қашкеннің ұлттық құрамаға шақыртылуына баға берді

09.10.2025, 19:35

Қазақстан құрамасының капитаны, «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп ұлттық құрамаға алғаш рет шақырту алған Дінмұхаммед Қашкен жайлы сөз қозғады.

Нұралы Әліп Дінмұхаммед Қашкеннің ұлттық құрамаға шақыртылуына баға берді
  • Иә, Дінмұхаммед Қашкен жайлы әлеуметтік желіде көп жазылып жатыр. Мен оны 2016 жылдан бері танимын. Жастар құрамасына шақыртылып, бірге ойнайтын едік. Содан бері араласып, жақсы досыма айналды. Оған қолдау таныттым. Кері пікірлерді оқымауға кеңес бердім. Мен де оқымаймын. Дінмұхаммед өмірде қарапайым бала. Көпшілігі сырттай ғана көрген соң, тани бермейді. Оның ынтасы зор. Өзін көрсеткісі келеді. Осы хейттерді тоқтатады деп сенемін», - деді Нұралы Әліп.

Айта кетейік, Дінмұхаммед Қашкен кейінгі 1,5 айдың ішінде «Жетісу» сапында «Қайратқа» қарсы матчта ғана негізгі құрамда алаңға шыққан еді. Әйтсе де 25 жастағы футболшы бірінші рет Қазақстан құрамасына шақырту алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қазақстан
Aladop Youtube
×