Нұралы Әліп футболдан кейін аралас жекпе-жекке барады

16.05.2024, 10:29

Қазақстан құрамасы мен «Зениттің» қорғаушысы Нұралы Әліп кеше Ресей Кубогінің жартылай финалында аралас жекпе-жектің әдісін жасап, қарсыласын ауыр жарақаттады

Нұралы Әліп футболдан кейін аралас жекпе-жекке барады
Нұралы Әліп "Зенит" - "ЦСКА" кездесуінде

Питерлік команданың алаңында болған бәсекеде отандасымыз «ЦСКА» командасының қақпашысының мұрнын бұзып, нәтижесінде Владислав Тороп ойынды жалғастыра алмады. Айта кетейік, Нұралы Әліп осыған дейін де командасының жаттығуында күрестің әдістерін жасауымен көзге түсіп жүрген. Енді міне соның да көмегі тиіп қалған секілді. Алайда, оның зиянын “ЦСКА” қақпашысы тартатын болды. Голкиперге денсаулық тіледік. Ойынға оралсақ, «Зенит» пен «ЦСКА» арасындағы теке-тірестің негізгі уақытында жеңімпаз анықталған жоқ. Сөйтіп, командалар кім мықтыны пенальти сериясында анықтаған болатын. Бұл сында алаң иелері 5:4 есебімен басымдық танытты. Санкт-Петерборлық ұжым сапында бір пенальтиді Нұралы Әліп дәл теуіп, «Зениттің» жеңісіне өз үлесін қосты. Сонымен, Сергей Семактың шәкірттері қос ойынның қортындысында Ресей Кубогінің суперфиналына шықты. Командалардың бірінші бәсекесінде тең нәтиже тіркелген еді (1:1). Енді турнирдегі шешуші ойын 2-ші маусымда Мәскеудің «Лужники» алаңында болады. «Зенит» суперфиналда Калининградтың «Балтикасымен» кездеспек.

Естеріңізге сала кетейік, бұл Нұралы Әліптің осы маусымдағы питерлік команда сапындағы 25-ші ойыны. Қазақстандық футболшы мен «Зениттің» келісімі 2025-жылдың 30-маусымына дейін.        

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×