"Зенит" пен Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей Премьер лигасының кезекті турында "Сочи" қақпасына соққан голын марқұм Диас Төлеуге арнады.
Ойыннан кейін Әліп өз сезімін былай жеткізді:
"Бұл гол — "Қайрат“ академиясының тәрбиеленушісі Диасқа арналған. Ол өте жас, талантты жігіт еді. Бірнеше күн бұрын, ойынан кейін өзін жайсыз сезініп, ауруханаға жеткізілген. Өкінішке қарай, дәрігерлер өмірін сақтап қала алмады. Сондықтан бүгін гол соқсам да, қуана алмадым — бәрі Диастың рухына арналды."