Санкт-Петербургтің «Зенит» клубының қорғаушысы Нұралы Әліп Ресей кубогының топтық кезеңі аясындағы бірінші турда «Ахматқа» қарсы өткен матчтағы (2:1) жеңіске қатысты пікір білдірді.
«Ең бастысы, жеңіске жеттік! Құдайға шүкір. Келіп қолдау білдірген жанкүйерлерге де, экранның ар жағынан қолдағандардың бәріне алғыс айтамын. Жеңдік! Капитандық рөлде шыққан алғашқы матчым және жеңіс мен үшін өте маңызды болды. Бүгін жеңіске жеткім келді.
Грозныйда - мейлі чемпионатта болсын, Кубокта болсын, әрдайым қиын матчтар өтеді. Бүгінгі кездесу соның айғағы. Маған сенім артқандардың бәріне алғысым шексіз. Тіпті, бүгін матч алдында капитан болып тағайындалғанда, жігіттер өздері қолдау білдірді. Ең алдымен бұл үлкен жауапкершілік. Баршаңызға рақмет!» — дейді Әліптің сөзін «Зениттің» ресми сайты.