
Ресей Премьер лигасының 23-турында қазақстандық футболшы Нұралы Әліп өнер көрсететін Санкт-Петербургтің "Зенит" командасы Мәскеудің "Локомотив" клубымен тең ойнады. Мәскеудегі ойын 1:1 есебімен аяқталды.
Матчтың 62-минутында алаң иелері Алексей Батраковтың голының арқасында есеп ашты. Алайда 85-минутта қонақтар сапынан Александр Соболев жауап қайтара білді.
Кездесудің 90+3 минутында "Зенит” ойыншысы Энрике Педро қызыл карточка алып, алаңнан қуылды.
Осы нәтижеден кейін "Зенит” 47 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында қалса, "Локомотив” 41 ұпай жинап, бесінші орынға көтерілді.
Нұралы Әліп екінші таймның басында ойынға қосылып, мақтауға тұрарлық ойын көрсетті.
Өнер Айболат
Біздің серіктес: FONBET